АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕРИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘСIЛДЕМЕЛIК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЖЭС-ТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

Зерттеу жұмыстарын орындауға әдiстемелiк нұсқаулар

(барлық оқу түрi 220100- Жылу электр стансалар мамандығының студенттерiне арналған)

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2005

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Г.М. Тютебаева, Б.Т. Абишев. Тәсiлдемелiк құбылыстарды ЖЭС-та жүзеге асыру. Зерттеу жұмыстарын орындауға әдiстемелiк нұсқаулар (220100 - Жылу электр стансалары мамандығының барлық оқыту түрлерiнiң студенттерi үшiн).

-Алматы: АЭжБИ, 2005.- 41б.

 

 

 

 

 

 

 

Әдiстемелiк нұсқауларда зерттеу жұмыстарын орындауға дайындалу нұсқаулары келтiрiлген, әрбiр зерттеу жұмыстың және тәжiрибелiк қондырғылардың сиïаттамалары, жұмысты орындау және тәжiрибелiк мәлiметтерiн өңдеу әдiстемелерi, ұсынылған әдебиеттер тiзiмi және бақылау сұрақтары келтiрiлген.

Әдiстемелiк нұсқаулар 220100 - Жылу электр стансалар мамандығының барлық оқу түрлерi студенттерiне арналған.

Без. 35, кесте 12, библиогр.- 4 атау.

 

 

 

Пiкiршi: тех. ғыл. канд., проф. Е. Нурекен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2003ж. жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2005ж.

 

 

 
 

 


Мазмұны

 

 

 

Кiрiспе

4

1-зерттеу жұмысы

5

2-зерттеу жұмысы

9

3-зерттеу жұмысы

13

4-зерттеу жұмысы

17

5-зерттеу жұмысы

26

Қосымша А

29

Әдебиеттер тiзiмi

40

 

 

 

 

Кiрiспе

Әдiстемелiк нұсқаулар 220140 – Жылу электр стансалар мамандығының барлық оқу түрiндегi студенттерге “Тәсiлдемелiк құбылыстарды ЖЭС-та жүзеге асыру” пәнiн оқу барысында зерттеу жұмыстарын орындауға арналған.

Оқу кезiнде студенттер үшiн ЖЭС-тың жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану, тәжiрибелi табылған мәлiметтердi инженерлiк есептеу және талдау барысында практикалық жұмыс дағдыларын алу маңызды.

Ол орындалу үшiн практикалық мағынасы бар зерттеу жұмыстарын таңдау қажет.

Берiлген бес жұмыстың екеуi компьютерлiк сыныпта орындалады, олардың мақсаты ЖЭС-тың сұлбаларын зерттеп, техника-экономикалық көрсеткiштерiн есептеу.

Басқа жұмыстар ЖЭС-та тәсiлдемелiк құбылыстарды жүзеге асырған кезде өтетiн нақты құбылыстарды үлгiлейтiн зертханалық қондырғыларда орындалады.

 

 

1 – зертханалық жұмыс. ПТ-60/70-90/13 шығырқондырғы жұмысының техника-экономикалық көрсеткiштерiн анықтау.

 

Жұмыс мақсаты: ПТ-60/70-90/13 шығырқондырғының жылулық сұлбасын зерттеу, техника-экономикалық көрсеткiштерiн есептеп талдау.

 

1.1 Теориялық мәлiметтер

1.1-суретте екi реттелетiн бу алуы бар (өндiрiстiк және жылуландырулық) ПТ шықтық (конденсационная) шығырдың қағидалық жылулық сұлбасы келтiрiлген. Мұндай шығырлар жылу және электр кайраттарын қатарлас өндiру үшiн өнеркәсiптiк–жылуландыру ЖЭО-да орнатылады. Бу түрiнде жылу турбинаның өндiрiс алуынан жiберiледi, жылыту және ыстық сумен қамдау үшiн ыстық су шығырдың жылуландырулық алудан алынған төмен потенциалды бумен қыздырылып жiберiледi. Жылуландырулық алудан алынған бу ЖЭО-дың негiзгi бойлерiнде желiлiк суды ысыту үшiн қолданылады. Сыртқы ауаның температурасы төмен кезiнде желiлiк су жылу желiсiнiң температуралық сызбағына (график) сәйкес шыңдық су қыздырғыш қазанда (ПВК) қосымша ысытылады.

 

1.2 Қондырғының сұлбасы

Шығырқондырғының қағидалық жылулық сұлбасы 1-суретте келтiрiлген және көрсеткiштерiн өлшеу нүктелерi белгiленген. Өлшеу қалыптасқан жұмыс тәртiпте 10-15 минут сайын өткiзiледi. Аспаптардың көрсеткiштерi жылулық және жергiлiктi басқару қалқандарда және жабдықтардың жанында бiр уақытта тiркеледi. Көрсеткiштер хаттамаға жазылады.

 

1.3 Жұмысты орындау тәртiбi

1.3-кестеден бастапқы мәлiметтердi нұсқа бойынша таңдап 1.1-кестеге жазып алу керек. Төменде көрсетiлген әдiстеме бойынша зерттелетiн шығырдың техника-экономикалық көрсеткiштерiн есептеу қажет, сонымен бiрге тәртiптiк диаграмма бойынша берiлген жылулық жүктемелерге сәйкес электр қайратын өндiруге жылудың толық қалыптық меншiктi шығысын есептеу керек.

Тәртiп диаграммасының компьютерлiк түрiн ЖЭҚ кафедрасының компьютерлiк сыныбында немесе „ЖЭС“ зертханасында „ПТ60“ папкасынан табуға болады. Табылған мәлiметтердi 1.2 – кестеге кiргiзу керек.

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚҚ(КА) - қазандық қондырғы; Т-бу турбинасы; Г-генератор; ШС (КН) -  шықтық сорғы; ТҚҚ (ПНД) - төмен қысымды қыздырғыш; Д-деаэратор; ҚС (ПН) - қоректiк сорғы; ЖҚҚ (ПВД) - жоғары қысымды қыздырғыш; НБ (ОБ) - негiзгi бойлер; ШСЖҚ (ПВК) - шыңдық су қыздырғыш қазан; ЖС (СН) - желiлiк сорғы; ЖТ (ТП) -жылу тұтынушы; С (ДН)-сорғы (құрғату); ӨТ (ПП) - өнеркәсiптiк тұтынушы; КШС (НОК) - керi шықтың сорғысы; ҚР(РД) - қысым реттегiш.

1.1-сурет. ПТ-60-90/13 шығырқондырғының көрсеткiштерiн өлшеудің сұлбасы

 

1.1-кесте Өлшеу хаттамасы

 

Көрсеткiштер

Белгiлерi

өлшем бiрлiгi

өлшеулер

1

2

3

4

5

1 Электр қуаты

Nэ

МВт

 

 

 

 

 

2 Шығыр алдындағы будың шығысы

Do

т/ч

 

 

 

 

 

3 Шығыр алдындағы будың қысымы

Ро

кг/см2

 

 

 

 

 

4 Шығыр алдындағы будың ыстықтығы

to

oC

 

 

 

 

 

5 Қазандық қондырғыдан (ҚҚ) кейiнгi будың шығысы

Dпе

т/ч

 

 

 

 

 

6 ҚҚ кейiнгi будың қысымы

рпе

кг/см2

 

 

 

 

 

7 ҚҚ кейiнгi будың ыстықтығы

tпе

oC

 

 

 

 

 

8 Өнеркәсiптiк алудағы бу шығысы

Dп

т/ч

 

 

 

 

 

9 Өнеркәсiптiк алудағы бу қысымы

рп

кг/см2

 

 

 

 

 

10 Өнеркәсiптiк алудағы бу ыстықтығы

tп

oC

 

 

 

 

 

11 Жылуландырулық алудағы бу шығысы

Dт

т/ч

 

 

 

 

 

12 Керi шықтың шығысы

Dок

т/ч

 

 

 

 

 

13 Керi шықтың ыстықтығы

tок

oC

 

 

 

 

 

14 Жылуландырулық алудағы бу қысым

рт

кг/см2

 

 

 

 

 

15 Жылуландырулық алудағы бу ыстықтығы

tт

oC

 

 

 

 

 

16 Шықтағыштағы қысым

Рк

кг/см2

 

 

 

 

 

17 Қорек судың ыстықтығы

tпв

oC

 

 

 

 

 

18 Қорек судың қысымы

рпв

кг/см2

 

 

 

 

 

1.2-кесте Өлшеу көрсеткiштерiн өңдеу

Көрсеткiш

Кейiптеме

өлшем бiрлiгi

1

2

3

4

5

1 Шығыр алдындағы будың қажыры

ho

кДж/кг

 

 

 

 

 

2 Қазандық қондырғыдан (ҚҚ) кейiнгi будың қажыры

hпе

кДж/кг

 

 

 

 

 

3 Қорек судың қажыры

hпв

кДж/кг

 

 

 

 

 

4 Өнеркәсiптiк алудағы бу қажыры

hп

кДж/кг

 

 

 

 

 

5 Жылуландырулық алудағы бу қажыры

hт

кДж/кг

 

 

 

 

 

6 өнеркәсәптiк алудағы бу жылулығы

Qn=Dn(hn-   hn')/3,6

кВт

 

 

 

 

 

7 Жылуландырулық алудағы бу жылулығы

Qт=Dт(hт-hт')/3,6

кВт

 

 

 

 

 

8 Шығыр қондырғыға жылу шығысы

Qту=Dо(hо-h)/3,6

кВт

 

 

 

 

 

9 Электр қайратты өндiруге жылу шығысы

Qэ=Qту-Qп-Qт

кВт

 

 

 

 

 

10 Электр қайратты өндiру бойынша турбоқондырғының ПӘЕ

hэ=Nэ/Qэ

-

 

 

 

 

 

11 Жылу тасымалдаулық ПӘЕ

hтр=Do(ho-hпв)/

/Dпе(hпе-hпв)

-

 

 

 

 

 

12 Жылу қайратты жiберудiң ПӘЕ

hтэ=hnhтрhка

 

 

 

 

 

 

13 Электр энергияны өндiру бойынша ЖЭО-ның ПәЕ

hээ=hэhтрhка

 

 

 

 

 

 

14 Электр энергияны өндiру бойынша отынның меншiктi шығысы

bэ=0,123/hээ

кг/кВт*ч

 

 

 

 

 

15 Жылу энергияны өндiру бойынша отынның меншiктi шығысы

bэ=143/hтэ

кг/Гкал

 

 

 

 

 

16 Жылу тұтыну арқылы электр энергияның меншiктi өндiрiлуi

э=1163*Nэ/(Qn+Qт)

кВт*ч/Гкал

 

 

 

 

 

17 Будың меншiктi шығысы

d=D0/Nэ

кг/кВт*ч

 

 

 

 

 

18 Жылудың меншiктi шығысы

q=1,163*Qту/Nэ

ккал/кВт*ч

 

 

 

 

 

19 Отын шығысы

В=Dпе(hпе-hпв)/Qнрhка

тут/ч

 

 

 

 

 

20 Отынды қолдану еселеуiшi

K=(Nэ+Qn+Qт)/ВQнр

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.3-кесте Берілген мәліметтер

Көрсеткiштер

Белгiлерi

Өлшем бiрлiгi

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1 Электр қуаты

Nэ

МВт

44,7

44,6

44,6

44,6

44,5

43,8

44

44,1

44,1

44,2

50,3

50,3

50,4

50,4

50,5

2 Шығыр алдындағы будың шығысы

Do

т/ч

322

321

320

320

319

336

339

339

340

342

350

350

352

353

353

3 Шығыр алдындағы будың қысымы

ро

кг/см2

82

82

81,5

81,7

81,5

84

84

85

85

86

87

87

88

88

88

4 Шығыр алдындағы будың ыстықтығы

to

oC

512

513

512

512

510

514

515

516

516

515

518

520

518

519

519

5 Қазандық қондырғыдан (ҚҚ) кейiнгi будың шығысы

Dпе

т/ч

326

325

324

324

323

338

339

340

340

341

364

365

365

366

366

6 ҚҚ кейiнгi будың қысымы

рпе

кг/см2

88

87

87

86

86

90

90

91

91

91

88

88

89

89

88

7 ҚҚ кейiнгi будың ыстықтығы

tпе

oC

518

518

518

517

517

522

523

523

523

523

518

518

520

519

520

8 Өнеркәсiптiк алудағы бу шығысы

Dп

т/ч

72

72,4

72

72,2

72

76

76

77

77

76

75

75

74

74

74

9 Өнеркәсiптiк алудағы бу қысымы

рп

кг/см2

11,2

11,1

11

11,3

11,2

12,5

12,6

12,6

12,7

12,6

13

12,6

12,7

12,8

12,6

Подпись: 810 Өнеркәсiптiк алудағы бу ыстықтығы

tп

oC

304

303

300

303

302

310

311

310

310

310

312

312

313

312

312

11 Жылуландырулық алудағы бу шығысы

Dок

т/ч

13

13

12

12

12

14

14

14

14

14

14

14

14

14

14

12 Керi шықтың шығысы

tок

oC

65

65

65

65

65

67

67

67

67

67

65

65

65

65

65

13 Керi шықтың ыстықтығы

Dт

т/ч

63

63

62

62

62

66

66

65

65

65

70

69

69

70

69

14 Жылуландырулық алудағы бу қысым

рт

кг/см2

0,8

0,85

0,9

0,9

0,9

1,1

1,0

1,0

1,0

1,1

1,1

1,1

1,1

1,2

1,2

15 Жылуландырулық алудағы бу ыстықтығы

tт

oC

102

102

102

100

100

106

107

107

107

107

107

106

107

107

107

16 Шықтағыштағы қысым

Рк

кг/см2

0,14

0,14

0,13

0,13

0,13

0,15

0,15

0,14

0,14

0,15

0,14

0,14

0,14

0,15

0,15

17 Қорек судың ыстықтығы

tпв

oC

233

233

234

234

234

235

235

236

236

235

238

238

237

237

237

18 Қорек судың қысымы

рпв

кг/см2

93

93

94

94

93

94

94

94

93

94

94

93

93

93

94

 

 


Бақылау сұрақтары:

1.     Жылулық жүктеме тұрақты болса, өнеркәсiптiк алу қысымының өзгеруi турбинаның меншiктi жылу шығысына қалай әсер етедi?

2.     Жылулық жүктеме тұрақты болса, жылуландырулық алу қысымының өзгеруi турбинаның меншiктi жылу шығысына қалай әсер етедi?

3.     Өндiрiстiк алудың көрсеткiштерi тұрақты болса, оның жылулық жүктемесiнiң өзгеруi турбо қондырғының ПӘЕ-не қалай әсер етедi?

4.     Жылуландырулық алудың көрсеткiштерi тұрақты болса, оның жылулық жүктемесiнiң өзгеруi турбо қондырғының ПӘЕ-не қалай әсер етедi?

5.     Жылулық жүктеме тұрақты кезiнде электр қуатының өзгеруi ШҚ ПӘЕ-не қалай әсер етедi?

6.     Аса қыздырылған будың шығысы қандай аспаппен өлшенедi?

7.     Аса қыздырылған  өндiрiстiк және жылуландыру бұдардық ыстықтығын өлшеу үшiн қандай сезгiлер (аспапптар) қолданылады?

8.     Қысымын өлшеу және тiркеу үшiн?

9.     Шықтағыштағы қысым (нашар вакуум) ТҚ ПӘЕ-не қалай әсер етедi?

10.                        Будың бастапқы көрсеткiштерi (қысым, ыстықтық) ТҚ ПӘЕ-не қалай әсер етедi?

 

2-зертханалық жұмыс. Үрлегiштi градирняда суды салқындатуды зерттеу.

 

Жұмыс мақсаты: Ерiксiз тартулы градирняда суды салқындатуды зерттеу. Үрлегiштегi электр қайрат шығынының судың салқындау дәрежесiнен тәуелдiлiгiн табу.

 

2.1 Теориялық мәлiметтер

 

Градирнялар техникалық сумен қамдау айналма жүйелерiндегi суды салқындатуға арналған жылуалмасу құрылғы. ЖЭС-та техникалық су шықтағыштағы буды, май мен сутегiн салқындату үшiн, күл мен қожды тасуға және негізгі цикл мен жылу желідегі шығындарды толтыру үшін қажет. Барлық судың 95-96% шықтағышта қолданылады. Салқындататын су шығысы шықтағыштың жылу теңестiк теңдеуiнен анықталады.

                              ,                          (2.1)

                                       ,                                           (2.2)

мұнда Dш – шықтағышқа бу шығысы;

hш, h'шшықтағыштағы бу мен шықтың сәйкес қажырлары, кДж/кг;

t1, t2 – шықтағышқа кіру мен шығуға сәйкес су ыстықтықтары;

Cр – судың жылу сыйымдылығы, кДж/(кг*К);

ηш – шықтағыштың ПәЕ.

Градирнялар жылуалмасу бойынша – тамшылы, қабыршықты және тамшылы-қабыршықты, жылутасығыштың қозғалысы бойынша қарсы ағынды, тура ағынды және көлденең ағынды, тарту бойынша - табиғи және ерiксiз деп бөлiнедi. Құрылма бойынша градирнялардың мұнаралық және бөлiктiк үрлегiштi түрлерi болады. Мұнаралар гипебола немесе қиылған көп қабырғалы пирамида түрiнде жасалынады. Мұнаралар темiрбетоннан немесе сырты пластикпен, асбоцементпен немесе басқа жадығатпен жабылған металды құрылмалардан жасалынады.

Барлық градирнялардың түрлерiнде жұмыс қағидасы бiрдей: шықтағыштың ысытылған су шашырату құрылғыға келiп қабыршық, тамшы немесе ағынша түрiнде жинау бассейiнiне ағады, сол кезде су салқындайды. Ауа үрлегiш көмегiмен немесе мұнараның iшiнде пайда болған тарту арқылы iске асырылады. Жылуалмасу қарқындылығына шашырату құрылғысының түрi, ауа жылдамдығы, ауаның ыстықтығы мен ылғалдылығы, жыл маусымы, шашырату тығыздығы және т.б. ықпал етедi.

Табиғи тартулы градирняларда ауа жылдамдығы төмен, сондықтан жылу өту еселеуiшi де төмен болады. Ыстықтық тегеурiн жыл маусымына және су шығысына байланысты өзгерiп тұрады. Жылу өту еселеуiшi мен ыстықтық тегеурiн төмен болғанда табиғи тартулы градирнялардың салқындату беттерi үлкейедi. Градирняның өлшемдерiн азайту үшiн үрлегiш көмегiмен ерiксiз тарту жасайды, бiрақ бұл жағдайда өзiндiк электр қайрат шығын өседi. Қыста қалақтарды мұз басып, градирнялар iшi тарылады. Iрi ЖЭС-дың қазiргi мұнаралы градирнялардың биiктiгi 100-150 м-ге дейiн жетедi, табанының қосөресi - 70-160 м, жылуалмасу бетi - 4000-10000 м2  және сағатында 30-80 м3 су өткiзе алады.

           Градирня жұмысын сұйықағулық көрсеткiш - шашырату тығыздығы сипаттайды

                                    , кг/(м2*сағ).                                        (2.3)

Градирня жұмысын сипаттайтын басқа көрсеткiш - меншiктi жылулық жүктеме

                                                    .                                                         (2.4)

Градирнядағы iшкi ауаның  ағынын Архимед саны сипаттайды

 

 
                                                                                 ,                                                (2.5)

мұнда D – градирняның шығу қимасының диаметрі, м2;

ρв ρу – градирнядан шығу және сыртқы ауаның сәйкес тығыздықтары, кг/м3;

w – градирняның алау шығуының орташа жылдамдығы, м/с;

g -   еркін құлау үдеуі, м/с2.

Ar<3 – суық ауаның

3<Ar£6 – суық ауаның шектеулі кіруі;

Ar>7 – суық ауаның шашыратқышқа дейін кіруі.                                                           

 

2.2 Зерттеу қондырғысының сипаттамасы.

 

Зерттеу қондырғысының сұлбасы 2.1-суретте келтiрiлген. Су берiлген ыстықтыққа дейiн шығырдың шықтағышын үлгiлейтiн U-15 типтi термостатта 1 қыздырғышпен ысытылады. Құбырша 2 арқылы «ДАСУ» фирмасының шығысөлшегішінен 3 өтiп градирняға 4 жеткiзiледi. Шашырату құрылғысы тақта түрiндегі алаңы F=1,6м2 тотықбайтын болаттан жасалған. Су шашырату құрылғыдан қабыршық түрiнде ағып градирняның жинау күбiсiнде жиналып, құбырша 5 арқылы қайта термостатқа жiберiледi. Тартулық үрлегiш қуат ауыстырыпқосқышқа 6 қосылған. Кернеу мен электр ағын күшiн вольтметр 7, амперметр 8 көмегiмен өлшейдi. Тартуды өзгерту үшiн, кернеудi өзгертiп үрлегiштiң айналу жиiлiгiн өзгертемiз. Градирняға кiру мен шығудағы судың ыстықтығы мыстан жасалған Метран200 сезгіш элементтері бар кедергіні жылутүрлендіргіш 9 арқылы өлшенедi; өлшенетін ыстықтықтардың жұмыстық аралығы минус 50 ден плюс 150°C-ға дейін және оны көпарналы ТМ 5103 термометр 10 тiркейдi. ТМ-де сегіз өлшейтін арна бар. Таблода ыстықтықтың сандық мағынасы көрсетіледі. Алтыншы арна ыстық судың градирняға кіру, ал жетінші арна суық судың градирнядан шығу ыстықтықтарын көрсетеді.

 
 

 

 

 

 

 

 


1- термостат U-15; 2 – жеткізу құбыршасы; 3 – шығыс өлшегіш; 4 – градирня; 5– шығу құбыршасы; 6 – қуаттың  ауыстырыпқосқышы; 7- вольтметр; 8 - амперметр; 9 – кедергі термометрлері; 10- көп арналы аспап; 11- ысырма.

2.1-сурет.  Зерттеу қондырғысының сұлбасы

2.3 Жұмыстың орындалу тәртiбi

 

Оқытушы немесе лаборанттың бақылауымен термостат 1 пен қуаттың  ауыстырыпқосқышын 6 220 В желiсiне қосып «насос» және «быстрый нагрев» тумбілерлердi қосу керек.

Ысырманы 11 ашып термостаттан градирняға су жіберу керек.

Үрлегішті қосып қуаттың ауыстырыпқосқышын 1   орнату керек.

Шығынөлшегіш арқылы судың көлемдік шығысын Wс өлшеу керек.

Вольтметр U және амперметр I көрсеткіштерін жазып алу керек.

Құбылыс тұрақты жылулық тәртіпке келгенде (тәжірибені бастағаннан 20 минуттай өткенде) градирняға кірудегі t1 және шығудағы t2 судың ыстықтықтарын өлшеп алу керек.

Келесі тәртіпке көшу керек. Екінші тәртіпте қуаттың ауыстырыпқосқышын 2 орнату керек.

Градирняға кірудегі t1 және шығудағы t2 судың ыстықтықтарын өлшеп өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

 

   2.1 кесте Өлшеу хаттамасы

Кернеу

U, В

Электр ағыны

I, A

t1

0C

t2

0C

Wс

л/с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Алынған нәтижелердi өңдеу

2.4.1 Үрлегiштiң электр қуатын анықтау

.                                                                     (2.7)

2.4.2 Судың ыстықтық тегеурiнi

.                                                                     (2.8)

2.4.3 Градирняның үрлегiшiне қажет электр қайраты

.                                                                   (2.9)

2.4.4 (2.1) бойынша градирняның жылулық жүктемесін Q, Вт, (2.4) – шашырату тығыздығын g, кг/(м2*сағ), (2.5) – меншікті жылулық жүктемесін q, кДж/(м2*сағ) анықтау керек.

2.4.5 Эыс=f(Dt), q=f(Dt) сызбақ тәуелділіктерді салу керек.

2.4.6 Алынған мәліметтердің талдауын өткізіп жұмыстың қорытындысын шығару керек.

 

2.2-кесте Мәліметтерді өндеу хаттамасы

Nэл,

Вт

Эыс,

кВт*сағ

Dt

град.

Q,

Вт

q,

кДж/(м2*сағ)

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Градирняның жұмыс iстеу қағидасы?

2. Шашырату құрылғысы деген не?

3. Меншiктi жылу жүктеме сыртқы ауа ыстықтығына байлынысты қалай өзгередi?

4. Градирняның тарту мұнараларының қандай түрлерi бар?

5. Мұнаралы градирняларда судың салқындауына жел қалай әсер етедi?

6. Тарту мұнараның ауақозғалымдық кедергiсiне не әсер етедi?

7. Градирняларда қандай үрлегiштi қолданады?

8. Табиғи тартулы градиняларды қалай таңдайды?

9. Градирняларда су мен ауаның қандай қозғалыс сұлбалары болуы мүмкiн?

10. Мұнара биiктiгi неге тәуелдi?

11. Шашырату құрылғылары мен мұнаралардың қаптауы қандай жадығаттардан жасалынады?

12. Градирня шашырату құрылғыларының жылу өту еселеуiшiн қалай жоғарлатуға болады?

13. Градирняларды сыртқы ауаның қай ыстықтығына байланысты таңдайды?

 

3-зерттеулік жұмыс. Майсалқындатқыш жұмысының тиiмдiлiгiн анықтау

 

Жұмыс мақсаты: Майсалқындатқышта салқындататын су шығысын анықтау. Майсалқындатқыштың ПәЕ-iн анықтау. Жұмыс Алматы 1-ЖЭО-дағы ПТ-60-90/13 шығырқондырғының майсалқындатқышында орындалады.

 

3.1 Теориялық мәлiметтер.

Майсалқындатқыш айналматiректерге жiберiлетiн майды салқындатуға арналған. Оларды май күбiсiнiң немесе сыртында орнатуға болады. ЛМЗ майсалқындатқышының құрылмасы [4] 143 бетіндегі суретте көрсетiлген. Қалқанмен 1 бөлiнген төменгi су құтысына салқынданған су берiледi. Су құтысынан су жоғарғы 5 және төменгi 6 тақталарға бекiтiлген қырландырылған немесе қырландырылмаған құбыр 2 арқылы жоғарғы су құтысына 3 өтедi, 1800 айналып құбырлар арқылы төменгi су құтысына қайтып келедi де МС-тан шығады.

Төменгi құбырлы тақта бекiтiледi. Барлық құбыр жүйесi жоғарғы құбырлы тақтамен бiрге жоғары қарай еркiн ұлғаю керек, сондықтан жоғарғы тақта еркiн қозғала алады.

Май салқындатқышта құбыр аралық кеңiстiкте ағады. Май қоршаған ортаға шықпау үшiн салқындататын судың қысымы майдың қысымынан жоғары болу қажет. Сонымен бiрге суда май қосылмау керек. Бұл үшiн майсалқындатқыштың тығыздығы сенiмдi немесе екiконтурлы салқындату жүйесін қолдану керек.

әрбiр майсалқындатқыш төрт термометрлерiмен қамдалады, олардың көрсеткiштерi жұмыстың тиiмдiлiгiн, ал кейбiр кезде қондырғыны қосу немесе ажырату қажеттiлiгiн көрсетедi. Мысалы, қосу кезiнде май салқын болғаннан, оны салқындатқыштан суды қоспай өткiзедi. Салқындататын су май қызғаннан кейiн берiледi. Май мен судың ыстықтықтары майсалқындатқышқа кiру мен шығуда өлшенедi. Майды тазартатын уақыттың болғанын май салқындау дәрежесi мен салқындатылған судың қызуының өзгеруi арқылы бiлуге болады. Майсалқындатқыштың құрылмасы 3.1-суретте салынған. ЛМЗ және ТМЗ майсалқындатқыштарының сипаттамалары 3.1-кестеде келтiрiлген.

 

3.1.1 Зертханалық қондырғының сипаттамасы  

Майлау және реттеу жүйесінде майдың қызуы бұл жұмыста трансформаторлық маймен толтырылған термостатта қыздырумен ауыстырылады. Сорғы қыздырылған майды пластиктан жасалған шланг арқылы майсалқындатқышқа (МС) жеткізеді. МС-тың құбыр аралық кеңестікте салқындатылып термостатқа шланг арқылы қайта оралады. Салқындататын су МС-қа қалалық су құбырынан алынады және МС-та ысыған су канализацияға төгіледі. Аспаптарды орналастыру сұлбасы 3.1-суретте көрсетiлген.

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 


3.1-сурет.  Сыртқа шығарылған майсалқындатқыштың құрылмасы

 

3.1-кесте МО – 60 майсалқындатқыштың техникалық сипаттамасы

Көрсеткiштер

өлшеу бiрлiгi

Мәнi

1 Жылуалмасу бетi

м2

60

2 Май қысымы

кг/см2

5

3 Сынамалық сұйықағулық қысым

кг/см2

8

4 Құбырлардың қосөресi

мм

19/17

5 Құбырлардың ұзындығы

мм

2140

6 Құбырлардың саны

шт

513

7 Салмақ

т

2,4

8 Құбырлардың жадығаты

Латунь Л-63

 

3.3 Жұмыстың орындалу тәртiбi

 

1.         Майды ысытып оны МС-қа беру үшін ажыратқышты қосу керек.

2.         Құбылыс тұрақты жылулық тәртіпке жеткенін күту керек (3 және 4 кедергі термометрлердің көрсеткіштері тұрақты болғаны көрсетеді). Тұрақты тәртіпке жету үшін 20 минуттай уақыт керек. Көрсеткiштердi өлшеу хаттамасына жазу керек.

3.         3 және 4 термометрлердің көрсеткіштерін (МС-ке су жіберілмеген кезде майдың МС-қа кірудегі tм1 және шығудағы tм2 ыстықтықтары) өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

4.         МС-қа су беру үшін суқұбырындағы ысырманы ашып шығысөлшегіш арқылы су шығысын өлшеп алып өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

5.         Жылулық тәртіп тұрақталғаннан кейін (15-20 минут) майдың tм1, tм2 және судың tс1, tс2 ыстықтықтарын өлшеп өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

6.         МС-қа су шығысын көбейтіп шығысөлшегіш арқылы су шығысын өлшеп алып өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

7.         Жылулық тәртіп тұрақталғаннан кейін (15-20 минут) майдың tм1, tм2 және судың tс1, tс2 ыстықтықтарын өлшеп өлшеу хаттамасына жазып алу керек.

8.         Алынған мәліметтердің талдауын өткізіп жұмыстың қорытындысын шығару керек.

 

3.2-кесте  өлшеу хаттамасы

Көрсеткiштер

Белгiлеу

өлшем бiрлiгi

өлшеу

1

2

3

1 Майдың кiрудегi ыстықтығы

tм1

оС

 

 

 

2 Майдың шығудағы ыстықтығы

tм2

оС

 

 

 

3 Судың кiрудегi ыстықтығы

tс1

оС

 

 

 

4 Судың шығудағы ыстықтығы

tс2

оС

 

 

 

5 Су шығысы

Wс

л/с

 

 

 

 

3.4 Нәтижелерді өңдеу

3.4.1 Майдың маңыздық шығысын Gм, кг/с, қоршаған ортаға жылу шығындарын есепке алып майсалқындатқыштың жылу теңестік теңдеуінен анықтауға болады

 

не

,

мұнда Gс – судың маңыздық шығысы, кг/с;

tс1, tс2 – су ыстықтықтары, ҚC;

tм1, tм2 – май ыстықтықтары, ҚC;

сс – судың маңыздық жылусыйымдылығы, кДж/(кг*град), анықтамадан судың орташа ыстықтығы tор =0,5(tс1 + tс2) бойынша анықталады;

см – майдың маңыздық жылусыйымдылығы, кДж/(кг*град), кестеден майдың орташа ыстықтығы tор =0,5(tс1 + tс2) бойынша анықталады;

Май ыстықтығы

tм1, ҚC

20

30

40

50

60

70

80

Майдың жылусыйымдылығы

см, кДж/(кг*град)

1,666

1,729

1,788

1,846

1,905

1,964

2,026

 

Qш – қоршаған ортаға жылу шығындары

кВт.

3.4.2 Майсалқындатқыштың ПәУ

.

3.4.3 Майсалқындатқыштың орташа ПәУ

.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.     Майдың тұтқырлығына ыстықтық ықпалы?

2.     МС-қандай ортаның қысымы жоғары?

3.     МС-тан шығудағы майдың ыстықтығының тиiмдi мағынасы?

4.     Майдың ыстықтығын қалай азайтуға болады?

5.     Қосалқы МС орнатылады ма?

6.     Салқындатылатын орта ретiнде не қолданылады?

7.     МС май мен су жылдамдықтарының қатынасы қандай?

8.     МС құбырлары қандай жадығаттардан жасалынады?

9.     МС құбырлары қалай бекiтiледi?

10.                        Құбырлардың қай беттерiнде шөгу мүмкiндiгi жоғары?

11.                        Салқындатылатын орта бойынша МС қалай қосылады?

12.                        МС-да жылу берудi қарқындату жолдары қандай?

 

 

 

 

 

4-зерттеулiк жұмыс Құбырдың өтеулiк қабiлеттiлiгi

 

Жұмыс мақсаты: Құбырлардың өзiндiк өтеулiк (өзiндiк иілулік арқасында ыстықтық орын ауыстыруды қауiпсiз қабылдау) шарттарын зерттеу.

 

4.1 Теориялық мәлiметтер

ЖЭС-да құбырлар өте көп. Олардың жұмыс сенiмдiлiгiн жоғарлату барлық электр станса сенiмдiлiгi мен үнемдiлiгiне ықпал етедi.

Жоғарғы қысым құбырларына жаңа өндiрiлген және аралық қыздырылған бұлардың, қорек судың және басқа көмекшi жоғары қысым құбырлары жатады.

Төмен қысымды құбырларына жататындар: шығырдан бу алу, станса шаруашылығының негiзгi шық, химиялық тазартылған су, айналма су жүйесiнiң, айналма тiрек және тетiктердi салқындату жүйесiнiң, май, мазут, газ шаруашылықтарының, күлдi шығару жүйесiнiң, сығылған ауаның, сутектiң, оттектiң, ацетиленнiң және тағы да басқа құбырлар.

Құбырлар 100 градусқа ысығанда немесе суығанда оның ұзындығының бiр метрi 1,2 - 1,3 мм-ге өзгередi. Бұл жағдайда құбыр ұзындығының қозғалмайтын бекiту аралылында өзгеруiн қабылдау үшiн алдынала арнайы шаралар қарастыру қажет. Бұл шаралар қондырғыға берiлетiн айналдырғы күштерiн шектеуге арналады.

Қысым 16-20 кгс/см2 –ден жоғары болса құбыр ұлғаюының өтеуi өзiндiк компенсациялау деп аталатын тек қана иiлу және бұрау пiшiнөзгеруi (деформация) арқылы мүмкiн. Басқа сөзбен айтсақ, өзiндiк өтеу – арнайы өтеуiштер қондырмай кернеудiң болымды шамасында өзiн өтеу қабiлетi. өзiндiк өтеу болуы тек қана құбырдың бiр-бiрiне бұрышты орналасқан иiндер аумағында болуы мүмкiн. өтеу аумағын құрастыратын иiндердiң қажеттi ұзындығы құбырдың баскермесiне және салыстырмалы ыстықтық ұзаруына сәйкестi пропорционал. Буды аралық ас қыздыру құбырларының ыстық желiсiнiң иiндерi ұзын болуы керек.

Иiлiмдi құбырдың жылулық ұзаруын, одан болған металдағы механикалық кернеудi және тiректердегi күштердi есептеу құбырдың өзiндiк өтеудi есептеу деп аталады.

өзiндiк өтеуді есептегенде бiрнеше ұйғару қабылдайды:

а) барлық қозғалмайтын бекiткiштердi мүлде айналмайтын және жылжымайтын деп қабылдаймыз. Бұл ұйғару бекiткiшке оң және сол жақтан тең және қарама-қарсы күш айналдырғышты әрекет еткенде ғана орындалады. Басқа жағдайда бекiткiшке айналдырғыштар және күштердiң қосу нәтижесi әрекет еткенде ғимарат бөлiктерi және оларға жалғанған бекiткiштер және ғимарат бөлiктердiң бөлшектерiнде болатын серпiмдi деформациялар арқылы кедергi көрсете алады. Сондықтан, шынында барлық бекiткiштер серпiмдi болғанымен бiз оларды шартты қозғалымсыз деп қабылдаймыз;

Қабылданған ұйғару әрбiр аумақты бөлек есептеуге мүмкiндiк бередi және өзiндiк өтеудi есептеудi жеңiлдетедi. Сонымен бiрге күштер мен айналдырғыштардың есептелген мәндерi жоғары болып берiктiк қорын көбейтедi;

б) құбырдың ысуынан болған өсiнiң жылжуы аз, сондықтан құбырда пайда болған иiлу және бұрау айналдырғыштарға әсер етпейдi. Бұл ұйғару, әдетте, орындалады. Дәлелдеу тек қана ұзын арқылы П-тәрiздi өтеудi есептегенде қажет болуы мүмкiн. Дәлелдеу бiртiндеп жуықтау арқылы орындалады;

в) есептеуде тек қана иiлу және бұрау пiшiнөзгерулерiнде ескерiледi. Тiректiң теппесiнен болған аксиалды кернеулердiң әсерлерi есепке алынбайды.

г) жылжуға қарсы құбыр бекiткiштердiң кедергiсi де аз болғаннан есепке алынбайды;

д) Құбырдың салмағы есепке алынбайды.

өзiндiк өтеудi есептеуге кiредi:

-тiректiң теппесiн анықтау;

-өзiндiк өтеу мен сыртқы күштерден болған ең жоғары баламалық кернеудi табу;

-құбырдың қисық бөлiктерiндегi жергiлiктi иiлу кернеулерiнiң ең үлкен өзгеру аралығын анықтау;

-бекіту нүктелеріндегі құбырдың тік және керек болса жатық (горизонтал) жылжуын анықтау.

Ең жеңiл жағдай – екi қозғалмайтын тiректерi бар жазық құбыр. Бұл жағдайда өзiндiк өтеудi есептеу үшiн бiр қозғалмайтын бекiткiштiң екi күшiмен бiр айналдырғысын анықтау керек. Мұндай есептi ЭЕМ-сiз өткiзуге болады. Күрделі құбырларды ЭЕМ-де немесе үлгілеу арқылы есептеуге болады.

өзiндiк өтеудi машинасыз есептеудiң ең кең таралған әдiсi - “Жүйе ауырлығының серпiмдi ортасы”. [Юргенсон Х. Гибкость и прочность трубопроводов.-М.:ГЭИ, 1959.]

Ескерту: әдеттегi ауырлық орталықтан «ауырлықтың серпiмдi ортасыныңҢ айырмашылығы, оны жүйенiң майысқан бөлiктерiнiң көлденең қима өзгеруi есепке алынады.

ЖЭС-та өзiндiк өтеуден басқа арнайы: майлықты және линзалы өтеуiштер қолданылады.

Қысымы 16-20 кгс/см2 –ден төмен құбырлардың түзу және ұзын аумақтарында майлықты өтеуiштер қолданылады. Олардың артықшылығы: өлшемi кiшi, өтеу мүмкiндiгi жоғары, сұйықағулық кедергiсi аз. Кемшiлiктер: өтеуiште сұйықағулық кеңейту және үйкелiс күштерi бар болуы, жұмыс кезiнде қажеттi тығыздықты қамтамасыз ету үшiн әрдайым күтiм қажет. Майлық өтеуiштер жылуландыру су құбырларында кең қолданылады.

Линзалақ өтеуiштер баскермелерi үлкен төмен қысымды (7 кгс/см2 дейiн) құбырларда (шығырдан бу алу және айналма су құбырларында) қолданылады. Линзалық өтеуiштердi өстiк ретiнде тура аумақтардың ұзаруын өтеу үшiн және жылулық ұзаруды өтеудiң шарнирлiк сұлбасын құрастыру үшiн қолдануға болады. Линзалық өтеуiштердi өстiк өтеу үшiн қолданғанда қозғалмайтын бекiткiштерге әсер ететiн сұйықағулық кеңейту күштерiн есепке алу керек. Шарнирлi жүйе, керiсiнше, қозғалмайтын бекiткiштер мен қондырғыларға құбырдың теппесiн ең төменгi шамасына дейiн (өзiндiк өтеудегi шамасынан төмен) азайтуға мүмкiндiк бередi.

 

4.2 Зерттеу қондырғысының сипаттамасы

 

Қондырғының түзгiсi – болаттан жасалған П-тәрiздi жазық құбыр (4.1-сурет). Құбырдың бiр ұшы А екi қамыт 2 арқылы жақтауға 3 қозғалтпай бекiтiлген. Екiншi еркiн ұшына В тiректе қатаң бекiту шартын қамтамасыз ететiн айналдырғы мен күштi түсiруге болады. Жатық бағытта әрекет ететiн Рк  күшiн түсiру үшiн құбырдың ұшына тұтқа 4 бекiтiлген; оған гайкамен 6 реттелетiн тарту арқылы күшөлшер 10 жалғанған.

Босатылған В нүктесiнде күйентiнiң 5 (коромысло) ұштарында әрекет ететiн қос күштер (8, 9 күшөлшерлер) М айналдырғысын туғызады; күйентi (иық ұзындығы L=0,4) құбырдың еркiн ұшына жалғанған.

В нүктесiнiң, құбырдың және аралық нүктелердiң жылжуы мен бұрылу бұрышын бақылайтын сағат сияқты меңзер 11 (бөлiк бағасы 0,01 мм). Меңзерлер ұстатқыштар 13 көмегiмен жақтауға бекiтiледi. Меңзерлердiң аяқтары тегiстелген бұрыштық беттерiне 12 тiреледi. Бұрыштық (угольник) зерттелетiн құбырға пiсiрiстiрiлген және сонымен бiрге орын ауыстырады. Құбырдың сыртқы бетiндегi аксиалды кернеулерi тензометрлiк қондырғы көмегiмен өлшенедi, қондырғы тензосезгi 14, ауыстырып қосқыш 15 және теңдеулiк пiшiнөзгерудi өлшегiштен тұрады.

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 – құбыр; 2 – қамыт; 3 – жақтау (рама); 4 – тұтқа; 5 – күйенті; 6 – гайка; 7 – тарту; 8, 9, 10 – күшөлшер (динамометр); 11 – шеңзер; 12 – бұрыштық; 13 – ұстатқыш; 14 – тензосезгі; 15 – ауыстырып қосқыш; 16 – теңдесулік пішінөзгеруді өлшегіш.

4.1 –сурет.  Құбырдың өтеулiк күштерiн анықтайтын қондырғының сұлбасы.

 

4.3 “Серпiмдi оталық әдiс” бойынша жазық құбырдың өтеулiк күштерiн анықтау

 

өтеулiк күштер “серпiмдi орталық әдiс” бойынша жылулық ұлғаюға Δх1 Δу1 және геометриялық жәйттерге байланысты анықталады. Бұл үшiн алдын ала түзу және иiн аумақтардың барлық өлшемдерi көрсетiлген құбырдың сұлбасы сызылады (4.2-сурет).

Сызықтық сұлба мекендiктер жүйесiне байланыстырылады, оның басын қозғалмайтын тiректердiң бiрiне орналастыру керек, барлық құбыр, мүмкiндiк болса, бiр квадрантта жату керек, сондықтан өс бағытын осы шартқа қарап таңдау керек.

Құбыр түзу және иiндiк аумақтарға бөлiнедi. әрбiр аумаққа координат басынан бастап нөмiр берiледi.

Геометриялық жәйттер – құбыр аумақтарының геометриялық өстерiнiң сызықтық және ортадан тепкiш екпiндiк айналдырғылары Jх , Jу , Jху , теңдесулiк айналдырғылар Sх және Sу ауырлықтың серпiмдi орталығының мекендiктерi XS және УS және аумақтардың келтiрiлген ұзындықтары lкел.

Сызықтық екпiндiк айналдырғылар мен барлық көмекшi көрсеткiштер кесте тәсiлiмен тiзбектеп анықталады. ”Серпiмдi ауырлық орталығына” түсетiн күштердi анықтағанда, сызықтық және ортадан тепкiш екпiндiк айналдырғылар Х және У өстерiне қатарлас “серпiмдi орталықтан” өтетiн өске қатысты алынады

                                                                                     (4.1)

                                                                                     (4.2)

                                                                                (4.3)

Қосындыны табу құбырдың барлық аумақтары бойынша жүргiзiледi. Жазық жүйе үшiн “серпiмдi ауырлық орталыққа” түскен күштер мынаған тең

                                                                           (4.4)

                                                                         (4.5)

мұнда Еt – жадығаттың серпімділік өлшемі, кгс/см2;

 - құбырдың көлденең қимасының өстік ерпімдік айналдырғысы, м4;

dн, dв – қиманың ішкі және сыртқы қосөрелері.

Құбырлардың ыстықтық ұзарулары

                                                                                 (4.6)

                                                    (4.7)

мұнда Lх, Lу – құбыр ұзындығының координат өсіне проекциясы;

tраб, tмонт – құбырдың жұмыс және құрастыру күйіндегі ыстықтары.

Симметриялық (у өсіне қатысты) құбырлар Lу және ∆уt 0 (нолге) тең. Сонымен бірге, «серпімді ауырлық орталығыҢ симметрия өсінде жатқандықтан Jхуs =0.

Сондықтан Ру =0, ал Рх келесі қатынастан табылады

                                                                                              (4.8)

Зерттелетiн құбыр – симметриялы, мұнда l1 = l9; l3 = l7. Сондықтан  құбырға түсетiн күштер оңайтылған кейiптемелер арқылы есептеледi. Рк күшiн (4.8) арқылы есептеу үшiн қажеттi геометриялық жәйттер 4.1-кестеде келтiрiлген. Кестелiк пiшiн және құбырдың симметриялылығын есептеудi қысқартады; құбырдың жартысы ғана есептеледi. Бұл жағдайда аумақтардың келтiрiлген ұзындықтары екiге көбейтiледi.

 

 

 

 

4.1-кесте

Түзгiлердiң

Келтiрiлген ұзындық

lпр, м

Ауырлық ортасының мекендiгi

, м

Теңдесулiк айналдырғы

, м2

Екпiндiк айналдырғы Jх, м3

J0, м3

, м3

1

2

3

4

5

6

1; 9

 

 

 

 

2; 8

 

 

 

 

3; 7

 

 

 

 

4; 6

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

Келтiрiлген ұзындықтар түзу және иiн аумақтар үшiн әр түрлi есептеледi.  Түзу үшiн – келтiрiлген ұзындық геометриялық ұзындыққа тең (lпр= l), иiн үшiн –жазық иiлiстегi қаттылықтың төмендеуi Карман еселеуiшi көмегiмен есепке алынады.

                                                                            (4.9)

мұнда – иін түзгісінің өлшемділіксіз сипаттамасы;

R- иін өресі;

S- қабырға қалындығы;

rср- құбырдың қөлденең қимасының орташа өресі.

Иін түзгісінің келтірілген ұзындығы

                                                                                             (4.10)

мұнда j – иіннің орталық бұрышы.

Түзу аумақтардың ауырлық орталығы – олардың ұзындықтарының ортасы, ал иiн аумақтарының орталығы m және n кесiндiлер арқылы анықталады (4.2-сурет)

          Түзу аумақтың ауырлық орталығынан өтетiн және түзгi бағытына тiк өске қатысты екпiндiктiң сызықтық айналдырғысы  түзгi бағытына қатарлас өске қатыстысы нөлге тең.

Бұрышы φ=90Қ иiн аумақтың екпiндiктiң сызықтық айналдырғысы келесі кейiптемеден анықталады

                                                                                                (4.11)

Кестенi толтырғаннан кейiн (4.1) кейiптеме бойынша Jxs-ті және (4.8) бойынша P=f(∆xt )–тi анықтаймыз. Металдың белгiлi таңбасы мен оқытушы берген жұмыстық және құрастырулық ыстықтықтар бойынша (4.6) кейiптеме бойынша ∆xt –тi есептеймiз.

     4.2-кесте Болаттардың физикалық қасиеттерi

Болат таңбасы

Белгiлеу мен өлшем бiрлiгi

Ыстықтық

20

100

200

300

400

500

600

700

20

,

-

11,6

12,6

13,1

14,1

-

-

-

2,1

2,03

1,99

1,90

1,82

1,72

-

-

15 ГС

,

-

13,0

14,0

15,3

16,2

16,2

16,2

-

,

2,1

2,07

2,04

1,98

-

-

-

-

12Х1МФ

,

-

10,8

11,79

12,36

12,7

13,2

13,65

13,80

,

2,13

2,10

2,06

2,01

1,93

1,03

1,69

-

15Х1М1Ф

,

-

11,2

11,7

12,5

13,00

13,50

13,70

-

,

2,14

2,08

2,01

1,04

1,87

1,77

1,69

1,6

1Х18Н9Т

,

-

16,6

17,00

17,20

17,50

17,80

18,20

18,60

,

2,05

2,02

1,97

1,90

1,81

1,73

1,60

1,50

 

Jxs және Рх арқылы бос В нүктесiнде әрекет ететiн Мв айналдырғысын табамыз

                                                                                         (4.12)

В нүктесiнде қос күштердiң Q L иығына әрекет етуiнен екпiндiктiң сызықтық айналдырғысы пайда болады. Сондықтан, 9, 10 күшөлшерлермен түсiрiлетiн қажеттi күш

                                                                                                                              (4.13)

Рх , ∆xt және Q мәндерiн есептегеннен кейiн жұмысты орындауға болады.

Құрылмалық жағдайға байланысты және жұмысты орындау қолайлы болу үшiн Рх күшi мен Мв айналдырғысы есептiк бағыттарға қарама-қарсы бағытталған. Бұл жағдайда, 100%-ды салқын созылуы бар құбыр зерттелгендей болады. Мұндай құбырларда салқын күйде өтеулiк күштер өздерiнiң максималды мәндерiне жетедi, ал жұмыстық күйде олар нөлге тең. (Бұл стансалық бу құбыр жұмысының нақты жағдайларына сәйкес).

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4.2-сурет. Құбырдың есептік сұлбасы

 

4.4 Жұмысты орындау

4.4.1 Құбыр жүктемеген күйде (Pх=0; Q=0) 11, 12, 13 меңзерлердiң 0 бастапқы көрсетуi жазып алынады.

4.4.2 В нүктесiне есептiк Pх күшiн түсiрiп 11, 12, 13 меңзерлердiң (Q=0 болғанда) жаңа көрсетуiн жазып алу керек.

4.4.3 Pх мәнiн тұрақты ұстап, Q жүктемесiн өзгертiп отырып (адымы 0,2…1 кг) Мв иiю айналдырғысының әр түрлi мәндерiн алу керек.

4.4.4 Меңзерлер (1*) бойынша орын ауыстыруларды есептеу керек

 

 

Dx11=11-110;

Dx 12=12-120;

Dy13=13-130;

және орын ауыстырылады Мв айналдырғысы мен Q күшiне байланысты сызбағын салу керек (4.3-сурет).

4.4.5 Pх-тiң берiлген мәнi үшiн в қимасының иiлiсi жоқ және тiк орын ауыстыруы жоқ (Dx 11=Dx 12; Dy 13=0;) болуын қамтамасыз ететiн Q шамасын сызбақтан табу керек;

Бұл нүктеде ыстықтықтың орын ауыстыру Dxt Dx11 және Dx12 орын ауыстыруларының орташа арифметикалық мәнi деп есептеледi; ауытқу шамаларын бағалап талдау керек.

4.4.6 Қорытынды жасау керек.

4.3-кесте

Px,  кг

Q,   кг

МЕҢЗЕРЛЕР

Ескерту

11,

мм

12,

мм

13,

мм

Dx 11,

мм

Dx 12,

мм

Dy 13,

мм

 

 

 

 

 

 

 

 

Dx11=Dx12; Dy 13=0

 

Ескерту - Жұмысты 2-3 рет қайталау керек. Барлық көрсетулердi 4.3-кестесiне жазу керек.

 
Есептiктермен салыстыру үшiн өлшеп алынған көрсеткiштердiң орташа арифметикалық мәндерi алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3-сурет. Құбырдың бос ұшының (В нүктесiнiң) орын  ауыстыру сызбақтары

(1)* - төменгi индекстер – меңзердiң нөмiрi

4.5 Есептiктi жазу

Есептiкте болу керек:

4.5.1 Құбыр өлшемдерi мен аумақтардың ауырлық орталықтарының мекендiктерi көрсетiлген есептiк сұлба.

4.5.2 Негiзгi кейiптемелер және өзiндiк өтеудi есептеу (кестелiк түрде); Pх, t, Q есептiк мәндерi.

4.5.3 Көрсеткiштердi өлшеу кестесi.

4.5.4 Құбырдың бос ұшының орын ауыстыру сызбағы. Орын ауыстыру сызбағынан есептiк нүктенi анықтау.

4.5.5 Есептiк және өлшенген көрсеткiштердi салыстыру. Нәтижелердi тадау және бағалау.

 

4.6 Бақылау сұрақтары

 

4.6.1 Құбырлар қысым бойынша қалай бөлiнедi?

4.6.2 Құбырдың өтеу қабiлеттiгiн зеттеу қажеттiгiнiң себебi?

4.6.3 “Өзiндiк өтеу” дегенiмiз не және бұл құбылыстың қолданылу аймағы?

4.6.4 Құбырдың өзiндiк өтеудi есептеудiң мақсаты және қабылданатын ұйғарулар.

4.6.5 Жазық құбырдың өтеулiк күштерiн “серпiмдi орта әдiсi” бойынша анықтау.

4.6.6 Зертханалық жұмысты орындау ретi.

4.6.7 Тiк орын ауыстыруды шектейтiн есептiк нүкте қалай анықталады?

4.6.8 Есептiк және өлшенген көрсеткiштердi салыстырып, оларды талдау керек.

 

5-зертханалық жұмыс Шықтық АЭС жылулық сұлбаларын автоматты жобалау

         

Жоғары техникалық мектептерде есептеу техникасын қолдану мәселерiне көп назар бөлiнедi, себебi оқу құбылыста ЭЕМ-дi кең қолданғанда инженерлiк бiлiмнiң мағынасы мен бар пәннiң құрылымы өзгередi. Бұл жағдайда жоғары деңгейлi тiлдер мен бағдарламалау тәсiлдердi оқу немесе есеп шығару емес, жүйеде өтетiн құбылыстардың физикасын ЭЕМ арқылы зерттеу, жылу энергетикалық нысаналардағы немесе жылу электр станциялардағы құбылыстарды басқару дағдыларын алу маңызды болады.

            Инженерлiк бiлiм беру – ЭЕМ-дi ең тиiмдi қолдану саласы, себебi оның талабы тек қана бiлiм меңгету емес, алған дағдылар мен бiлiмдi техникалық есептерiнiң кең диапазонында қолдану.

          Институттың оқу-зетханаық қоры энергетикалық қондырғыларда өтетiн жұмыстық құбылыстарды толық зеттеуге мүмкiндiк бермейдi. Оқу бағдарамасын меңгеру үшiн қажеттi жабдықтардың элементтерiнiң физикалық үлгiлерi тек қана дербес сипаттамаларды алуға мүмкiндiк бередi. Олар нақты құбылыстар туалы түсiнiктердi бұрмалауы мүмкiн. Сонымен бiрге жабдықтардың жұмыс сипаттамаларына әртүрлi жағдайлардың әсерiн бағалайтын көп нұсқалы есептердi өткiзуге мүмкiндiк жоқ.

          Станцияның жылу сұлбасында өтетiн құбылыстарды бақылауға және құрал жабдықтардың жұмысының айнымалы тәртiптерiн зерттеуге мүмкiндiк болмағаннан термодинамикалық құбылыстардың физикалық мағынасын толық түсiнуге мүмкiндiк жоқ. Станцияның және оның жылутехникалық  жабдықтарының негiзгi көрсеткiштерiне геометриялық және тәртiптiк параметрлердiң әсерiн бағалауға, құрылманы және жабдықтардың  жұмысы мен жүктелу тәртiптерiн тиiмдiлеуге, сонымен бiрге жаңа техникалық шешiмдердi тексеруге және электр станциясының жұмысының тиiмдiгiне сұлбаның өзгеруiнiң әсерiн бағалауға болмайды.

          Жоғары айтылғанмен байланысты, жылутехникалық жүйелер мен олардың элементтерiнiң қасиеттерi мен өзара байланыстығын зерттеу үшiн жылулық сұлбанiң iшiн көруге, регенерация жүйесiмен қазандықта өтетiн құбылыстарды бақылауға, жұмыс ортасының қозғалысын көруге мүмкiндiк беретiн қазiргi есептеу техниканы қолданып нақты құбылыстарды математикалық үлгiлеу өте маңызды.

Жобалау жұмыстарын орындау үшiн және құрал-жабдықтардың техника-экономикалық көрсеткiштерiн бағалау үшiн ЭЕМ-дi қолдану уақытты қысқартуға, көп нұсқаларды есептеуге, энергетикалық қондырғылардың тиiмдiлiгiне көп жәйттердiң ықпалын талдауға, энергетикалық жабдықтарда өтетiн нақты құбылыстардың физикасын түсiнуiге мүмкiндiк бередi.

ЭЕМ-дi қолданудың болашағы, бар бағыттарының бiрi – жобалаушының еңбек өндiрулiгiн, пайдаланушы қызметкерлер жұмыстарының жеделдiлiгiн жоғарлататын және пайдаланушының арнайы дайындығын керек етпейтiн – жұмыстың диалогтiк тәртiбi. Диалогтi жұмыс тәртiбiнде оңтайлы шешiмдi iздеу бiр әдiстен келесi әдiске, бiр есептен келесi есепке өтудi жүзеге асыруға, алгоритм көрсеткiштерiн өзгертуге, кезектi нәтиже туралы жедел мағлұмат алуға мүмкiндiк бередi.

Берiлген жұмыста шықтық АЭС-тiң жылулық сұлбасының автоматты жобалау жүйесi үшiн өңделген iс жүзiндегi бағдарлама бумасының негiзiнде АЭС қайратқұрамасының қағидалық жылуық сұлбасын құрастырып есептеу ұсынылады. Тапсырма оқытушының журналындағы тiзiмге сәйкес нұсқа бойынша 5.1-кестеден алынады.

Жұмыстың соңында нәтижелердiң талдауы мен бағалауын беру керек. Жылулық сұлбаны диалогтi тәртiпте құрастырып автоматты есептеу онсыз есептеуден қанша нәтижелi екенiн талдау керек.

 

5.1-кесте Тапсырма нұсқалары

Нұсқа

Шығырқондырғы

Будың бастапқы көрсеткiштерi P0,(МПа);

t0,0C

Будың аралық қыздырғыштан кейiнгi көрсеткiштерi PПП,tПП,0С;

Шықтағыш тағы қысым PШ, кПа

Қорек судың ыстықтығы

tПВ,0С

1

2

3

4

5

6

7

8

1

К-1000-60 (1500)

5,88

274

1,15

182

3,92

223

2

-//-

5,9

274

1,15

182

3,92

223

3

-//-

5,88

275

1,15

182

3,92

223

4

-//-

5.88

274

1,17

182

3,92

223

5

-//-

5,88

274

1,15

184

3,92

223

6

-//-

5,88

274

1,15

182

3,94

223

7

-//-

5,88

274

1,15

182

3,92

225

8

-//-

5,88

274

1,2

182

3,92

223

9

К-500-65 (3000)

6,46

280

0,3

265

3,92

168

10

-//-

6,46

280

0,3

265

3,92

168

11

-//-

6,5

280

0,3

265

3,92

168

12

-//-

6,46

283

0,3

265

3,92

168

13

-//-

6,46

280

0,4

265

3,92

168

14

-//-

6,46

280

0,3

270

3,92

168

15

-//-

6,46

280

0,3

265

4,0

168

16

-//-

6,46

280

0,3

265

3,92

170

17

-//-

6,4

280

0,3

265

3,92

168

18

К-220-44

4,3

255

0,27

240

5,1

223

19

-//-

4,4

255

0,27

240

5,1

223

20

-//-

4,3

260

0,27

240

5,1

223

21

-//-

4,3

255

0,3

240

5,1

223

22

-//-

4,3

255

0,27

245

5,1

223

23

-//-

4,3

255

0,27

240

5,5

223

24

-//-

4,3

255

0,27

240

5,1

225

25

-//-

4,2

255

0,27

240

5,1

223

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

Пайдаланушыға нұсқаулар

WINDOWS операциялық жүйесiнде базалық жұмыс дағдысы бар пайданушыға арналған бағдарлама. диалогтi терезе және меню бағдарламаның барлық түзгiлерi WINDOWS интерфейстiң үлгiқалыпты түзгiлерi болып табылады. Пайдаланушыдан атомдық және жылуэлектр стансалардың қағидалық жылулық сұлбасын құру негiздерiн бiлу талап етiледi.

Бағдарламаны iске қосу – бағдарламаның негiзгi папкасында орналасқан “diplom. еxe.” файлына тышқанды екi рет басу арқылы орындалады. Іске қосу кезiнде бағдарламаның негiзгi терезесi ашылғаннан бұрын жоба сұлбасының биiктiгi мен енi бойынша өлшемдерiн белгiлеу үшiн диалогтi терезе шығарылады. Енгiзiлген өлшемдердi растау - “ОК” батырмасы, айтпай (по умолчанию) берiлген өлшемдердi қабылдау – “отмена” батырмасы. Өлшемдердi растағаннан кейiн берiлген мәндер ең жақын, 40-қа қалдықсыз бөлiнетiн мәндерге дейiн дөңгелектеледi.

 

 
 

 

 

 

 

 

 


А1 – сурет. диалогтiк терезе             А2 – сурет. Қабылданған өлшемдердi дөңгелектеу туралы ескерту

 
Жабдықтардың түзгiлерiн таңдау – жабдықтардың түзгiлерi панелiнде қажеттi түзгiге сәйкес батырмасын басумен орындалады. Жабдықтардың түзгiлерi панелiнде жылулық сұлбаның түзгiлерiмен бiрге сұлбаны ашу және сақтау, курсор мен өшiргiш курсорларды таңдау батырмалары бар.

 

 

 

 

А3 – сурет. жабдықтардың түзгiлерiнiң панелi

         

Түзгiнiң нұсқасын таңдау диалогтiк терезеден кейбiр түзгiнi таңдау үшiн қажет суретке “тышқанды” басу жеткiлiктi. Таңдауды растау “ок” батырмасы, таңдауды өзгерту және бағдараманың бас терезесiне қайту – “cancel

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 


А4-сурет. Шығыр нұсқасын таңдау        А5-сурет. ЖҚЦ нұсқасын таңдау

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А6-сурет. ОҚЦ нұсқасын таңдау            А7-сурет. ТҚЦ нұсқасын таңдау

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  А8-сурет.  Буөндiргiштi таңдау                 А9-сурет.  Деаэраторды таңдау

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


А10-сурет.  Қазандықты таңдау                 А11-сурет. Төмен қысымды қыздырғышты таңдау

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А12-сурет.  Сорғыны таңдау                     А13-сурет.  Араластырғышты таңдау

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  А14-сурет.  Жоғары қысымды                   А15-сурет.  Реакторды таңдау

      қыздырғышты таңдау

Таңдаған түзгiнi сұлбага орнату. Түзгiнi таңдағаннан кейiн оны аспап панелiне орнату үшiн “тышқанды” сұлбаның жұмыстық өрiсiнде жылжытумен түзгiнi орнына келтiрiп “тышқанның” сол батырмасына басу керек.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А16-сурет.  Түзгiнi сұлбаға орнатқандағы бағдарламаның түрi

         

Түзгiнi сұлбаға орнатқанда бұл жерде бұрын орнатылған түзгi бар деген хабарлама шығуы мүмкiн. бұл жағдайда жаңа түзгiнi басқа жерге  жылжыту не ескiнi өшiру керек.

 

 
 

 

 


А17-сурет.  Жаңа түзгiнi орнатқан жерде бұрын орнатылған

түзгi бар деген ескерту

         

Сұлбаны сақтау. Сұлбаны сақтау үшiн “схема” менюында “сохранить”- ты таңдау керек, бұл кезде файлды графикалық форматта сақтайтын операциялық жүйенiң диалогтiк терезесi шығады. ескерту: сұлбаны диалогтiк терезеде сақтау үшiн файлдың атын кеңейтусiз қою керек.

 
 

 

 

 

 

 

 

 


А18-сурет. Сұлбаны сақтаудың диалогтiк терезесi

 
Бұрын сақталған сұлбаны ашу. сұлбаны ашу үшiн “схема” менюында “открыть”-ты таңдау керек. бұл кезде файлдарды графикалық форматта ашатын операциялық жүйенiң диалогтiк терезесi шығарады. ескерту: диалогтiк терезеде сұлба файлының атын кеңейтусiз қою керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А19-сурет.  сұлбаны ашу диалогтiк терезесi

 

Жаңа сұлбаны жасау. жаңа сұлба жасау үшiн “схема” менюында “создать”–ты таңдау керек. бағдарлама жаңа сұлбаның өлшемдерiн анықтау үшiн диалогтiк терезенi шығарады, ол бағдарламаны iске қосқанда шығарылатын диалогтiк терезеге ұқсас.

Сұлбанi алмасу буферiне көшiру. бағдарламада салынған сұлбаны операциялық жуйенiң алмасу буферiне көшiру мүмкiндiгi қарастырылған, ол үшiн “правка” менюында “копировать схему”–ды таңдау керек, одан кейiн оны “вставить” көмегiмен графикалық редакторға орналастыруға болады.

Сұлбаның өлшемдерiн өзгерту. сұлба алдын ала таңдалған жұмыстық кеңестiкке сыйымағанда оның өлшемдерiн өзгерту қажет. бұл жағдайда “правка” менюында “изменить размер” таңдалады.

          Ескерту: сұлбаның өлшемдерiн кiшiрейткенде оның суретi жаңа өлшемдерге сыймаса, ол өшiрiлiп қайта қалпына келтiруге келмейдi, бiрақ сұлбаның сипаттамасында түзгiлер туралы жазулар қалады, сұлбада бұл түзгiнiң суретi жоқ болады не толық болмайды. мұндай әрекеттердiң нәтижесi - бағдарламаның дұрыс iстемеуi және сұлбаның бұзылуы.

       ЖҚЦ бойынша теңестiктердiң дәлдiгiн беру. жқц бар сұлбалар үшiн жқц-дың теңестiктердiң дәлдiгiн беруге болады. ол үшiн “точность” менюында “баланс потоков”-ты таңдау керек. содан кейiн теңеспеу шамасын беруге болатын диалогтық терезе шығады. бұл шаманың мүмкiн мәндерiнiң аралығы- 0,1 %-дан 0,0001%-ға дейiн.

 
 

 

 

 


А20-сурет.  Теңестiк дәлдiгiн беру үшiн диалогтiк терезе

          Сұлбаны талдау. құрастырылған не ашылған сұлбаның талдауын өткiзу үшiн “анализ” менюында "элемент схемы"–ны таңдау керек. содан кейiн логикалық талдаудың соңын тосыңыз деген хабарлама шығады. егер логикалық талдау барысында қателер табылса бұл туралы хабарлама және олардың себебi болған түзгiлердiң сипаттамалары берiледi.

           Есептеу үшiн бастапқы мәлiметтер беру. бастапқы мәлiметтердi беру және есептеу тек қана сұлбаның логикалық талдауы аяқталғаннан кейiн (талдау барысында қателер табылмаса) орындалады. талдаусыз есептеуге көшкенде қате туралы хабарлама шығады. есептеу үшiн бастақы мәлiметтердi беру және берiлген мәлiметтердi қарап оларды түзету үшiн “расчет” менюында “исходные данные”–ды таңдау керек. содан кейiн ағымды мезетте енгiзiлген мәлiметтерi бар диалогтiк терезе шығады. жаңа құрастырылған сұлбалар үшiн бос кесте шығады. жаңа сұлбаның бастапқы мәлiметтерiнiң аттары шығу үшiн “тышқанның” сол батырмасымен диалогтiк терезедегi сәйкес ауыстырып қосқышқа басып шығырқондырғының алдындағы будың күйiн көрсету керек.

          h,s-диаграммада шығырдағы будың кеңею құбылысын есептеу. берiлген мәлiметтер бойынша будың кеңею құбылысын есептеу үшiн “расчет” менюында “процесс в турбине в h,s- диаграмме”-ны таңдау керек. бұл кезде А22-суретте көрсетiлген диалогтiк терезе шығады. бұл терезеде кесте түрiнде құбылыстың негiзгi нүктелерiндегi будың көрсеткiштерi келтiрiлген. есептеу мәлiметтерiн сызбақтық түрде көру үшiн терезенiң жоғары жағында диаграмманың суретi бар батырмаға басу керек. шығатын диаграмманың түрi А23-суретте көрсетiлген.

          Бу мен судың көрсеткiштерiнiң кестесiн құрастыру. бағдарлама кестенi құрастыру үшiн “расчет” менюында “сводная таблица параметров воды и пара”–ны таңдау керек. бұл кезде жаңғыртулық жүйенiң негiзгi түзгiлерi бойынша бу мен судың көрсеткiштерiнiң кестесi бар диалогтiк терезе шығады. мұндай терезенiң түрi А24.1 және А24.2 - суретте көрсетiлген.

          Бу алу үлестерiн, алынған булардың кем өндiру еселеуiшiн, бу шығыстарын, бу ағындарының қуаттарын есептеу үшiн”расчет” менюында ”расходы греющего пара”-ны таңдау керек. бұнда экранға есептелген шамалар туралы ақпараты бар терезе шығады. мұндай терезенiң түрi А25-суретте көрсетiлген.

         

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А21-сурет. бастапқы мәлiметтердi енгiзу үшiн диалогтiк терезе.

       

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А22-сурет. құбылыстың негiзгi нүктелерiндегi көрсеткiштер кестесi

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А23–сурет. шығырда будың кеңею құбылысы h,s – диаграммада

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А24.1–сурет. су мен бу көрсеткiштерiнiң жинақ кестесiiрiншi бөлiм)

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А24.2–сурет. су мен бу көрсеткiштерiнiң жинақ кестесi (екiншi бөлiм)

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


А25–сурет. Алу үлестерiнiң, будың кем өндiру еселеуiштерiнiң, бу шығыстарының және бу ағындар қуаттарының кестесi.

           

Алу үлестерiн есептегенде бағдарлама шықтығыштағы ағындардың және қуаттық теңестiктердi тексеру нәтижелерi туралы хабарламалар шығады. хабарламалар түрлерi А26 мен А27-суреттерде көрсетiлген.

 
 

 

 

 

 


 
А26–сурет. шықтағыштағы ағындардың теңеспеуi туралы хабарлама

 

 

 

 

 

А27-сурет. қуаттар теңестiгiн тексеру нәтижелерi туралы хабарлама

         

Техника-экономикалық көрсеткiштердi есептеу. Бұл есептеу жылулық сұлбаны есептеудiң соңғы кезеңi. бұл есептеудi орындау үшiн “расчет” менюында “технико-экономические показатели”–дi таңдау керек. бұл кезде экранға А28-суретте келтiрiлген терезе шығады.

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 


А28–сурет. есептелген сұлбаның техника-экономикалық  көрсеткiштерi

         

Жұмысты аяқтау. барлық қажеттi есептеулердi өткiзгеннен кейiн бағдарламаның жұмысын аяқтау үшiн “схема” менюында “выход”–ты таңдау керек. шығар кезде бағдарлама құрастырылған сұлбаны және сұлба бойынша барлық мәлiметтердi сақтау қажет пе деген сұрақ қояды. егер пайдаланушы есептеген сұлбаны сақтамаса не соңғы рет сақтағаннан кейiн өзгерiстер енгiзсе, онда “да” батырмасын басып сұлбаны сақтау диалогтiк терезенi шақыруға болады. егер сұлбаны сақтау қажет болмаса, онда “нет” батырмасын басады. “отмена” батырмасын басу бағдарламаны жұмыс тәртiбiне қайратуға мүмкiндiк бередi. диалогтiк терезенiң түрi А29 суретте көрсетiлген.

 
 

 

 

 

 


А29-сурет. бағдарламадан шығу алдында

сұрақ қоюдың диалогтiк терезесi.

 

Бағдарламамен жұмыс iстеуге арналған жалпы ұсыныстар

бағдарлама атом электр стансалардың жылулық қағидалық сұлбаларын құрастырып есептеуге арналған. сұлбаны құрастырғанда мүмкiн болғанша қателер жiбермеу керек. сұлбада шығыржетек бар болса, одан кейiн мiндеттi түрде шықтағыш орнатылады, оның шығы араластырғыш арқылы (дренаждық сорғысыз) негiзгi шықтағыштан кейiнгi негiзгi шық желiсiне жiберiледi. түзгiлердi ысытатын бу бойынша алулармен қосқанда бу бойынша бiр бөлiнудi қолдануды ұсынамыз және тiзбектеп қосылған екi араластырғыштан көп болмау керек, оның себебi мұндай сұлбалар бағдарламада тексерiлген жоқ, сондықтан есептеу нәтижелерi дұрыс болмауы мүмкiн. бағдкарлама жаңғырту жүйесi жоқ сұлбаларды есептеуге арналмаған. мұндай сұлбаны бағдарлама толық есептемейдi.

 

Әдебиеттер тiзiмi

1.  Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции: Учебник для вузов/ Под ред. В.Я.Гиршфельда –3-е изд. Перераб. и доп. – М.:Энергоатомиздат, 1987.-328с.

2.  Соколов В.Я. Теплофикация тепловые сети.- М.:Энергоиздат, 1982.-360с.

3.  Тепловые и атомные электрические станции:Справочник/ Под общ. Ред. В.А. Григорьева, В.М Зорина.-2-е изд. Перераб. –М.:Энергоатомиздат, 1989.-608с.

4.  Трухний А.Д., Ломакин Б.В. Теплофикационные паровые турбины и турбоустановки. – М.: Изд-во МЭИ, 2002.-540с.

 

 


 

2003ж. жиынтық жоспары реті 8

 

 

 

 

 

Тютебаева Галия Муафековна

Абишев Бокен Тельманович

 

 

ТәСІЛДЕМЕЛІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЖЭС-ТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

Зерттеу жұмыстарын орындауға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

(220100- Жылу электр стансалары мамандығының барлық оқыту түрлерiнiң студенттерi үшiн)

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы Байбураева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды                                                   Пішімі 60 х 84      1/16

Тиражы 50 дана                                                          №1 типография қағазы

Көлемі      оқу-басп.т                                                  Тапсырыс

Бағасы  82  теңге

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

 

 
050013 Алматы, Байтұрсынов к., 126