Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы

ОҚУ МАШЫҚТАНУ
5В071700 – Жылу энергетика мамандығына
арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы  2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.С. Касимов, В.О. Байбекова. Оқу машықтану 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығына арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2013. – 13 б.

 5В071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы студенттерінің оқу машықтану әдістемелік нұсқаудағы машықтанудың негізгі міндеті, мақсаты, бөлімдері, машықтанудың мазмұны, студенттің уақыт балансы қамтылған. Машықтанудың бөлімдерін орындауға, рәсімдеуге және есеп беруді қорғауға нұсқаулар көрсетілген.

Әдеб.көрсеткіші.-  17 атау.

Пікір беруші: доц. С.К. Абильдинова

Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 жыл қосымша басылым жоспары бойынша басылып шығарылған.

Ó «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1 Оқу машықтануының мақсаты мен міндеттері 

2 Студенттердің оқу машықтануының басқару жетекшілігі

Машықтанудың өтуіне  бақылау 

4  Студенттің  уақыт балансы 

5 Оқу машықтануының мазмұны 

5.1  AutoCAD курсының оқу машықтану бағдарламасы 

5.2  Оқу машықтануында   Microsoft Office, MathCad, Delphi қосымшалы және қолданбалы пакет бағдарламалы (ҚПБ) компьютерлік   технологияларды қолдана отырып, жылуэнергетикалық, жылутехникалық құбылыстар мен қондырғыларға есептеме жүргізу бағдарламасы   

6 Техникалық есеп беру   

Әдебиеттер

Кіріспе

5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы студенттерінің оқу машықтануы - оқу бағдарламасының құрама бөлігі болып  табылады және бакалавр студенттерін теориялық курсқа дайындау кезінде олармен қатар  жүргізіледі.

Оқу машықтануы студенттердің жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылар мен құбылыстарды қолданбалы пакет бағдарламасын (ҚПБ) қолдана отырып есептеу икемділігін дамытуға, құрылымдық-жобалау негіздерімен танысуға және  білім сферасында тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Машықтануды өту кезеңдерінің барлық сатыларында осы бағдарламада қарастырылған сұрақтарды үйрену кезінде студенттерден ғылыми ізденістер талап етіледі.

Оқу машықтануды өткізу үшін «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Техникалық термодинамика», «Сұйық және газ механикасы», «Жылумаңызалмасу», «Инженерлік және компьютерлік графика» пәндерді оқу кезіндегі алған білімдері мен іскерліктері  теориялық негіз болып табылады.

Оқу машықтануы бойынша келісіліп және бекітілген оқу бағдарламасы кафедра мен студенттер үшін де міндетті түрде орындалатын құжат болып саналады.

1 Оқу машықтануының мақсаты мен міндеттері

 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы студенттерінің оқу машықтануы - оқу бағдарламасының құрама бөлігі болып  табылады және бакалавр студенттерін теориялық курсқа дайындау кезінде олармен қатар  жүргізіледі.

Машықтануды өту кезеңдерінің барлық сатыларында осы бағдарламада қарастырылған сұрақтарды үйрену кезінде студенттерден ғылыми ізденістер талап етіледі.

Оқу машықтануының мақсаты: техникалық-инженерлік қызметті ұйымдастыру дағдысын машықтану жүзінде үйрену, технологиялық құралдармен өңдеу әдістерін меңгеру және құжаттандыруды жүргізу, кәсіптік қызметке қажетті бағдарламаның ерекше өнімдерімен танысу.

Машықтанудың міндеттері:

1) Студенттің негізгі тәртіп пен жалпы пәндерді оқу кезіндегі алған білімдерін кеңейту және бекіту:

a)  ЖЭС -ның жылулық сұлбасын, қазандықтардың, негізгі және қосымша жабдықтардың негізін жобалауды құрылымдық және жобалау құжаттарын өңдеу құбылыстарының автоматтандыру жүйесі көмегімен оқып үйрену;

    б) жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылар мен құбылыстарды есептеу негіздерін Microsoft Office, MathCad, Delphi компьютерлік технологиясын мен қолданбалы пакет бағдарламасын (ҚПБ) қолдана отырып, оқып үйрену.

2) Белгілі энергетикалық кәсіпорын ерекшеліктерімен, университеттің құрылымдық-жобалау негіздері мен ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысу.

Машықтануды өткізу орындары: университеттің компьютерлік класстары мен ЖЭҚ және ӨЖЭ кафедрасының оқу-өндірістік зертханалары.

2 Студенттердің оқу машықтануының басқару жетекшілігі

Студенттер машықтануды өткізу жетекшісі ретінде университеттің бір өкілі ұсынылады. Машықтану жетекшісі студенттер үшін машықтануды өту кестесін құрады және оның орындалуын жүйелі түрде қадағалайды; осы бағдарламада қарастырылған мәселелердің студенттің толық  үйренуі үшін қажетті жағдай жасайды; студенттер оқу жүйесін және жоспарын бұзатын іс сапарларға және оқудан тыс жұмыстарға жіберілмейді; машықтануды өту кезеңдеріндегі студенттің жұмыстарын қадағалайды; алдыңғы қатарлы энергетикалық кәсіпорындарын таныстырады (экскурсия ұйымдастырып), студенттің техникалық есеп беруін тексереді және соған орай өзінің тиісті қорытындысын береді.

3 Машықтанудың өтуін бақылау

Осы оқу бағдарламасының орындалуы оқу машықтану жетекшісінің бақылауымен өтеді. Ол өз кезегінде әр студентпен жеке сұхбаттасып, оқу машықтануының есебін тексереді.

Сұхбат алдында студент жетекшіге машықтанудың әр бөліміне сәйкес есебін көрсетуге міндетті. Егер орындалған есептің бөлімі келтірілген талаптарға сай болса және де сұхбат кезінде студент толық білім деңгейін көрсетсе, онда машықтану жетекшісі студенттің күнделігіне белгі қойып, оны машықтанудың келесі кезеңін орындауға жібереді. Егер есептің талаптарға сай болмағаны және студенттің өтілген кезеңнің сұрақтарын білу деңгейінің төмен болғаны анықталса, машықтану жетекшісі белгілеген есептің қателіктері мен кемшіліктері қайта дұрысталмайынша студентті машықтанудың келесі кезеңіне жібермейді. Егер студент өту кестесінен жүйелі түрде қалып отырса, онда ол машықтану өтуден шеттетіліп, кафедраның қаралуына жіберіледі.

Кафедра отырысында студенттің машықтану өту кезеңіндегі орындаған жұмысы талданып, студенттің ары қарай оқу мәселесі шешіледі.

Машықтану жетекшісі машықтану өту мерзімінде кеткен қателіктерді және техникалық есептің бағасын студенттің машықтану күнделігіне жазып қалдырады.

4 Студенттің  уақыт балансы      

Машықтануды өтпестен бұрын, студенттер өз білімдерін кеңейту мен бекіту бағыттарын таңдайды:

а) ЖЭС -ның жылулық сұлбасын, қазандықтардың, негізгі және қосымша жабдықтардың негізін жобалауды құрылымдық және жобалау құжаттарын өңдеу құбылыстарының автоматтандыру жүйесі көмегімен оқып үйрену;

б) жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық қондырғылар мен құбылыстарды есептеу негіздерін Microsoft Office, MathCad, Delphi компьютерлік технологиясын мен қолданбалы қаптама бағдарламасын (ҚҚБ) қолдана отырып, оқып үйрену.

Белгілі бағытты таңдаған студенттердің санына сәйкес, 10 адамнан тұратын топ құрылады. Топтардың сабақтары белгіленген сәйкес кестемен өткізіледі. Әр студент машықтану бағдарламасы бойынша дайындықтан жетекшінің жетекшілігімен өтуі қажет және өз бетінше өзіндік жұмысты орындайды. Машықтанудың соңғы аптасында белгілі өндірістік кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктерімен танысу үшін ең үлкен жылуэнергетика кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылады және есеп беру үлгілеленеді. 

5  Оқу машықтануының мазмұны

5.1 AutoCAD курсының оқу машықтану бағдарламасы

5.1.1  Машықтану кезіндегі AutoCAD сабағының жалпы сипаттамасы.

Осы AutoCAD оқу бағдарламасы жобалау және құрылымдық құжаттандыруды өңдеу процесін автоматтандыру  мүмкіндігін игеруге арналған.  AutoCAD жүйесінің негізгі мақсаты – әр түрлі пәндердің жобаларына сызба жасау. Ол әр түрлі механизмдердің де жобасы болуы мүмкін (жылуалмастырғыш, сорғылар, қарапайым гайкалар мен бұрандалар), сонымен қатар жылуэнергетиканың технологиялық құбылыстарының әр түрлі сұлбалары да болуы мүмкін. AutoCAD оқыту әдістері сапалы әдістемелік материалдарды қолдана отырып студенттердің оқу барысына белсенді қатысуына негізделген. Студенттер сызбаның түрлері мен оны сызу тәсілдерімен танысады. Бұл өз кезегінде өз бетінше әр түрлі сызба түрлерін сызуға мүмкіндік береді.

3D AutoCAD  сабақтарында алынатын білім, тыңдаушыларға AutoCAD-та үшөлшемді үлгілеу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үшөлшемді нысандарды жасау үшін және оны модификациялау үшін AutoCAD құрал-саймандарын қолдануға мүмкіндік береді.

5.1.2 Машықтану кезіндегі AutoCAD сабағынан кейінгі алынған дағдылар.

Машықтануды өткеннен кейін студенттер өз бетінше әр түрлі сызба мен сұлбаны өңдей алады.

AutoCAD бағдарламасындағы 3D үлгілеу бөлімдерін оқып үйренген студенттерде:

-Үшөлшемді үлгілерді абсолютті, қатысты, сфералық және цилиндрлік координаттармен тұрғызу;

-Үшөлшемді каркасты модельдер жасау;

-Elevation және Thickness нысанының қасиетімен жұмыс жасау;

-Жазық және қисық сызықты беттерді тұрғызу;

-Үшөлшемді қатты денелі үлгілер жасау;

-Үшөлшемді үлгілердің кескіні мен қимасын жасау мүмкіншілігі болады.

6 Машықтану  сабақтарының тақырыптары

1) AutoCAD жүйесіне кіріспе. Пакетті тағайындау, оның мүмкіндіктері. Қалқан аймағы. Әлемдік және пайдаланушы жүйе координаты. Мәзір, жолақ (тармақ) және құрал-саймандар панелі. Бастапқы күйлерге келтіру. Пәрмен тармақтары, мәтіндік терезе, бағдарламалы диалог.

2) Кескіндеу негізі ретінде графикалық үстірттер.  Қарапайым үстірттер және оларды тұрғызу. Құрамалы үстірттер: тұрғызу және бөлімдеу.

3)Күрделі графикалық үстірттер. Полисызықпен жұмыс істеу ерекшеліктері. Мультисызықпен жұмыс істеу ерекшеліктері. Сызықтармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

4)Нысандардың негізгі қасиеттері. Қабаттардың тағайындалуы. Қабаттарды жасау және олармен жұмыс істеу. Сызбадағы объектілердің түстерін қоданудың мәні. Сызықтардың түрін жүктеу және таңдау. Объектілерге сызықтар түрін тағайындау. Объектілердің қасиеттерін өзгерту мүмкіндіктері.

5) AutoCAD-тың негізгі міндеті – сызбаны жасау. Жаңа сызбаларды тұрғызу. Сызбаны жаңғырту және жаңарту. Кескінді алыстатып жақындату және анық көрсету. Координатты енгізу әдістері. Қате пәрмендерді жою. Пәрмендерді қайтару.

6) Кескінді өзгерту құрал-саймандары. Өзгерту пәрмендері. Қиылысуларды қолданып редакциялау.

7) Құрылымдық құжат ретінде сызбаны құрастыру. Парақ кеңістігі (үлгі кеңістігінен айырмашылығы).

8) Сызбақтағы өлшемдерді тұрғызу (сызба мысалында). Өлшем стильдерін күйге келтіру. Өлшемдерді өзгерту.

9) Практикалық сызу тәсілдерін қабылдау және тәртіпті күйге келтіру. Дайын сызбаларды немесе олардың көрінісін тұрғызу. Суреттерді  тұрғызу. Кескінді масштабтау  және өлшеу бірліктерінің шарттылығы. Объектілік байланыстырудың механизмі. Кескіннің шекарасын тағайындау және баптау. Сызбалардың стандартты пішіндері.

10) Пайдаланушылық жүйе координаттарын жасау және олармен жұмыс істеу тәсілдері (сызба мысалында). Пайдаланушылық жүйе координаттарын көп ретті жасау. Жіңішке сызықта орындалған сызбаны қоршау әдістері.

11)Үшөлшемді үлгіде координаттар жүйесімен жұмыс істеу.  Үшөлшемді AutoCAD сызбасындағы абсолютті және қатысты декарттық координаттар. UCS пиктограммасын арнайы күйге келтіру. UCS пәрменінің опциялары.

12) Биіктікпен және деңгеймен жұмыс істеу. Үшөлшемді үлгілерді көру құралдары. Биіктікпен және деңгеймен жұмыс істеу. Thickness қасиетімен нысандарды жасау. Нысандарға деңгей беру. Үшөлшемді үлгілерді көру құралдары. 3D Orbit функциялары. SHADE құрал-саймандар панелі. Үлгілеу кеңістігіндегі көріністік экран. Қырларын жұмырлау. Бөліктерін алу. Екіөлшемді өзгерту пәрменінің үшөлшемді нұсқалары. Нысандардың айналы кескіні. Массивтерді тұрғызу. Нысандарды бұру. Нысандарды тегістеу. Нысандарды жою және қысқарту. Айнымалы жүйелік SURFTAB1, SURFTAB2. 3DFACE пәрмені. Тіліктер мен қималар.

13)Материалдар және визуализациялар. Материалдардың кітапханасымен жұмыс. Материалдарды нысандарға меншіктеу. Көріністі визуализациялау, оны графикалық пішімде сақтау. Материалдардың көрсеткіштері, өзіндік материалдар құру.

14) Құрылымдық құжат ретінде сызбаны құрастыру. Салыстырмалы кішкентай қалқанда күрделі және үлкен кескіндермен тиімді жұмысты қамтитын жүйенің мүмкіндіктері (сұлба сызбасының мысалы). Нысан таңдау механизмі (таңдау кілттері, нысан таңдау сүзгілері, циклдік таңдау). Нысандарды топтастыру. Аталынған түрлерді жасау. Мәтіндік ақпаратты енгізу. AutoCAD редакторының мәтіндік терезесіндегі жұмысы.

6.1 Жылуэнергетикалық, жылутехникалық құбылыстар мен қондырғыларды Microsoft Office, MathCad, Delphi қосымшасы бар компьютерлік технологиялар мен қолданбалы пакет бағдарламасын (ҚПБ) пайдалана отырып, есептеудің негізін үйрену бойынша оқу машықтану бағдарламасындағы курс

6.1.1 Машықтану кезіндегі оқытудың жалпы сипаттамасы.

Берілген осы оқу бағдарламасы информатика, техникалық термодинамика, сұйық-газ механикасы, жылумаңызалмасу пәндерінен алынған білімдерді тереңдетуге және оны бекітуге арналған. Жұмыс істейтін жабдықтарды тиімдендіру және техника-экономикалық көрсеткіштерді бағалау, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін есептеуіш техникаларды пайдалану энергетикалық қондырғылардың тиімді жұмыстарына көптеген әртүрлі факторлардың әсерін талдауға, есептеу нұсқаларының көп мөлшерде екенін ескеруге және қарастырылған тапсырмаларды шешу үшін уақытты азайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Microsoft Office, MathCad, Delphi компьютерлік технологияларын және ҚПБ-ны қолдана отырып, жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық құбылыстар мен қондырғыларды есептеу негіздерін үйрену сабақтарында алынған білім қорларын студент дипломдық жұмысты жазғанда және мамандық бойынша пәндерді оқығанда қолдануы әбден мүмкін. 

6.1.2 Машықтану кезеңіндегі оқу аяқталғаннан кейінгі алынған оқу дағдысы.

Математикалық үлгілеудің негізін үйрене отырып, компьютерлік технологияларды қолданумен жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық құбылыстар мен қондырғыларды есеп-қисабын орындау нәтижесінде студенттер үлгілеудің әдістерін топтастыру және негізгі түрлері туралы; жылуэнергетикалық қондырғылар мен жүйелер үшін математикалық үлгілеу жасау шарттары, жалпы қағидалары мен кезеңдері туралы; жылумаңызалмасу құбылыстарына компьютерлік технологиялардың негіздерін қолдану арқылы математикалық үлгілеуді жүзеге асыру үшін; есептеуіш тәжірибе жүргізу әдістері жайлы көзқарастары болатын болады; жылуэнергетикалық есептерде ақпараттық технологияны қолдануды игереді.

Машықтануды өткеннен кейін студенттер өз беттерінше жылуэнергетикалық құбылыстар мен қондырғылардың математикалық үлгілерін құрастыра алады; есептеуіш тәжірибе жүргізе алады;  есептеулерге Microsoft Office, MathCad, Delphi компьютерлік технологияларын және ҚПБ-ны қолдана алады.

 

6.2 Машықтану сабақтарының тақырыптары

1) ЭВМ-де жылутасығыштың жылуфизикалық қасиеттерін көрсету үшін сипаттау әдістері. Жылутехникалық қондырғылар мен құбылыстарды  есептеу кезінде жылутасығыштардың жылуфизикалық қасиеттерінің мәліметтері және жұмыстық заттардың температурасы мен қысымының кең аралықтағы мәліметтері қолданылады. Осы жағдайда алатын ақпараттың жеделдігі және оның  ЭВМ-ның жадында ықшам болып келуі ең маңыздысы болып табылады. ЭВМ-ның жедел жады шектеулі болса (жеке компьютерлер үшін ерекше сипаттамада), кестелік тапсырма қасиеттерін қолдану тиімсіз, яғни ЭВМ-нің сыртқы жадынан тыс кесте аймақтарын есептеулер көп рет жүргізілуі керек болады. Кестенің көлемін қысқарту кестелік тіреу арқылы жүзеге асыруға болады, арасындағы аралық шамалардың жеткілікті дәлдігін интерполяциялық  полиноманың жоғары емес реттігімен анықтауға болады.

Ең ыңғайлысы болып күй теңдеулерің негізіндегі кең массивті тәжірибелік мәндер болып табылады.

Студент берілген тапсырма бойынша жұмыстық дененің жылуфизикалық қасиетіне тәуелділік кейіптеме түрінде есептің алгоритімін құрама-сұлбасы  немесе мәтіндік түрі [1-3] бойынша құрастырады.

Студент есептеуді орындау үшін алгоритм бойынша бағдарлама құрады және есеп беру мәтінінде бағдарламаға нұсқау көрсетеді (гиперссылка).

Бағдарлама бойынша есеп жүргізеді, шыққан нәтижені график ретінде көрсетіп, оны талдайды, кестелік мәндермен салыстыра қорытынды жасайды.

Жасалынған жұмыстың есебін электронды түрде көрсетеді.

2) Сандық мәліметтерді өңдеу және математикалық статистика  әдістері. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу.  Тәжірибелік мәліметтерді графикалық түрде көрсету, Microsoft Excel-де графиктерді тұрғызу, тренді бағыты бойынша теңдеу алу. Графикалық тәуелділіктің максимал қателіктерін анықтау. Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу үшін интерполяцияны қолдану. MathCAD ортасында Ньютон мен Лагранж интерполяциялық полиномдарын алу. Берілген мәндерді сипаттайтын аппроксимиялық функцияны алу, бірақ қателіктері берілген мәннен кем болмауы тиіс. Берілген құрылым арқылы тиіс аппроксимациялық функцияны мүмкін болатын ең жақсы қателіктерін алу.

  Теңдеулік тәуелділіктердің еселеуішін нақтылау және эмпирикалық теңдеулерді таңдау: таңдалған нүктелер әдісімен, орташа квадраттар және ең кіші квадраттар әдісімен жүргізіледі. Регрессия теңдеуін стандартты бағдарламашылар кезінде Delphi-гі ең кіші квадрат әдісінің көмегі арқылы алу [2-8].

3) Жылутехникалық есептеулерде математикалық әдістерді қолдану. Конвективті жылуалмасу, стационарлық және стационарлық емес жылуөткізгіштік, радиациялық жылуалмасу тапсырмаларындағы математикалық үлгілеу. Жылуалмастырғыш құралын тиімдендіру және қыздыру бетін есептеу. Жылуэнергетикада жылуалмастырғыш құралы (ЖАҚ) үлгілеудің классикалық нысаны болып табылады. ЖАҚ-ның зерттелуі мен жобалануы қазан қондырғылары мен ядролық реакторларды жобалаудан бұрын жылуөту беттерінің жылуфизикалық құбылыстарының талдануынан дамыған. Сонымен қатар ЖАҚ-ның математикалық үлгілеуді іске асырудың әртүрлі әдістері мен орындау жолдары пайдаланылады. Көбіне рұқсат етілген жеңілдікте болатын орнықты құбылыстарды сипаттауға мүмкін болатын үлгілер қолданылады:

-  жылуалмасу құбылысындағы жылутасығыштың физикалық қасиеттерінің өзгеруі ескерілмейді;

-  құралдың кей аймақтарында жылдамдық өрісі мен температуралық сәйкессіздігі ескерілмейді.

 Компьютер көмегімен мақсатқа сәйкес жүргізу:

-  стандартты емес құрылғыны жобалау немесе ЖАҚ-ты тізімдемеден таңдау;

-  технологиялық тәртіптің өзгеру кезіндегі таңдалған құрылғыларды тексеру есептері;

-  арнайы жағдайларға арналған жылуалмастырғыш құрылғысын тиімді құрылымдау және есептеу.

Компьютерде ЖАҚ-ты есептеу келесі элементтерден тұрады:

-  алгоритмді өңдеу және тексеру;

-  бағдарламалау және бағдарламаны келтіру;

-  есептік мәліметтерді дайындау;

-  бастапқы мәліметтерді енгізуді ұйымдастыру және бағдарламалау;  

-  есеп;

-  нәтижелерді қорытындылау;

-  нәтижелерді талдау.

Жану өнімдері мен су буының термодинамикалық қасиеттеріне есептеу (МЭИ сайтындағы WSP бағдарламасын қолдана отырып). ЖЭҚ GC кафедрасының бағдарламалық өнімдерін қолдана отырып, ЖЭС-ң жылулық қағидалық сұлбасының есебін шығару, бу шығырлы шықтағыштың энергетикалық сипаттамасын электронды тәртіптік  диаграммаларымен есептеу [4-11].

4) «TBT Shell» энергетикалық электронды энциклопедиясымен танысу.  Энергетикалық электронды энциклопедиясы (ЭЭЭ) жылуэнергетиканың негізгі оқу пәндері бойынша оқу материалдар жинағы болып табылады.

Ол мына бөлімдерді қамтиды:

-         жылуэнергетиканың жалпы мәселелері;

-         жылутехниканың теориялық негізі;

-         ЖЭС-ң жылумеханикалық жабдықтары;

-         ЖЭС-ң жылуалмасу жабдықтары;

-         жалпы химия;

-         аналитикалық химия, мұнда талдаудың негізгі әдістерімен таныстыру жүргізіледі;

-         су дайындау;

-         су-химиялық тәртіп;

-         КИП және автоматика;

-         еңбек қорғау, экология және энергия үнемдеу;

-         отын дайындау және май технологиясы;

-         жабдықтарды пайдалану;

-         жылу жүйелері.

Энциклопедияда виртуалды зертханалық жұмыстар, тестілеу және жаттығу бағдарламалары бар.

Студенттердің тапсырмасына:

-         TBT Shell электронды энциклопедиясымен (ЭЭЭ) танысу;

-         TBT Shell-гі виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау және есептеулерді игеру.

7 Техникалық есеп беруді рәсімдеу және қорғау

Әр студент есеп беруді жеке құрастырылады және де орындалған тапсырмалар бойынша және бағдарлама курсының негізгі бөлімдерінің теориялық сипаттамаларын қамтуы тиіс [13-14].

Есепті қорғау  кезінде орындалған тапсырмалар мен машықтанудың негізгі бөлімдері бойынша студентпен сұхбат алу арқылы машықтану өткен жерде қорғатылады. 

Кафедраға ұсынылған студенттің машықтану өту жайындағы құжаты келесідей болуы тиіс:

1) техникалық есеп беру;

2) өндірістік машықтануды өту күнделігі;

3) А қосымшасы.

А қосымшасы

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Жылуэнергетика факультеті
Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы

ОҚУ МАШЫҚТАНУЫ
бойынша есеп беру

Қабылдаған:
Орындаған: ТЭк -12  тоб.студенті    

Алматы  2014

Әдебиеттер тізімі

1. Ларсен Р. Инженерные расчеты в в Excel.- М.: ИД Вильямс, 2002.-545 с.

2. Васильев А.Н. Excel-2007 на примерах.- СПб.: БХВ Петербург, 2007.- 656 с.

3. Кульгин Н Б Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi.- СПб.:  БХВ Петербург, 2007.- 400 с.

4. Борисова Н.Г. Компьютерные технологии в теплоэнергетических расчетах. Методические указания к выполнению лабораторных работ. – А.: АИЭС, 2005.-36 с.

5. Борисова Н.Г.  Компьютерные технологии в  теплоэнергетических расчетах. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 050717-Теплоэнергетика.- Алматы: АИЭС, 2010. – 57 с.

6.  Голицина О.В. Информационные технологии. – М.: ФОРУМ: ИНФРА - М, 2008.- 608 с.

7. Максимов Н.В. Технические средства информатизации.- М.: ФОРУМ: ИНФРА - М, 2008.- 592 с.

8. Теплоэнергетика и теплотехника. Общие вопросы: Справочник / Под ред. А.В. Клименко, В.М.  Зорина. - М.: МЭИ, 1999. - 528 с.

9.Амосов А.А. Вычислительные методы для инженеров.- М.: МЭИ, 2003. – 596 с.

10. СТ НАО 56023-1910-01-2009 – Работы учебные. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию работ учебных. - А.: АИЭС, 2009.-30 с.

11. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. - М.: ДМК Пресс, 2001. - 592 с.

12. Чекмарев А.А., Осипов В.К. Инженерная графика: Справочные материалы. - М.: ВЛАДОС, 2002. - 416 с.

13. Динасылов А.Д. Инженерная и компьютерная графика. Введение в компьютерную графическую систему AutoCAD: Учебное пособие. - Алматы: АИЭС, 2003. - 104 с.

14. Нұрекенов Е., Темірбаев Д., Алияров Б.Жылутәсіл атауларының орысша -қазақша сөздігі. - Алматы: РБК, 1996.-77 б.

2013ж. қосымша жоспары  __32 реті

Арман Салемович Касимов
Вера Оразалиевна Байбекова

ОҚУ МАШЫҚТАНУ
5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығына
арналған әдісттемелік нұсқаулар

Редакторы: Б.С.Қасымжанова
Стандарттау бойынша маманы Н.Қ.Молдабекова

Басуға қол қойылды“___”___”___”
Пішіні 60х 84 1/16
Таралымы __500___ экз.
Көлемі ___0,93____ ес. - басп.т.
Баспаханалық № 1
Тапсырыс_____. Бағасы_450 тенге

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірме көбейткіш бюросы
050013, Алматы қаласы Байтұрсынұлы көшесі, 126